«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 Қаулысы (2022.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.

10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.

13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т. б.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

 

IІІ. ПТР әдісімен тестілеу

 

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

3) COVID-19-бен ауыратын науқастармен жақын байланыста болғандар қатарындағы адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері;

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) жиналу пункттеріне мерзімдік әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімдерге келуі бойынша жас буын (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

3) әскери бөлімдерден шығу алдында мерзімді әскери қызметтен кейін әскери қызметтен бсатылған адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

4) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

5) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

6) науқас баланы күту бойынша медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылатын адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

7) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

8) айына 1 рет гемодиализде болатын пациенттер (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

9) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

10) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

11) демалыстан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты күнтізбелік 5 және одан да астам күн жұмыс орнында болмаған медицина қызметкері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);

12) медициналық ұйымдарда практика басталу алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда).

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар түтікшеге материал жинау жүзеге асырылуы қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

 12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД -не хабарлауды жүргізеді.

13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіптік тестілеу), оның ішінде «Сәйкестікті бағалау. Саралауды тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 стандартының, сондай-ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарының талаптарына сәйкес ДДҰ-ның ынтымақтасатын зертханасымен бірге жүргізеді.

14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.

15. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

16. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

17. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

18. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.

19. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

20. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

 

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

 

 1. Патогендердің генетикалық өзгергіштігін, олардың таралуы мен шығу тегін мониторингілеу үшін екінші буын секвенирлеу әдісін пайдалану диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық қарсы шаралардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

 2. Вирустың толық геномдық секвенирлеуін жүргізетін зертханалар ведомстволық тиістілігіне қарамастан:

- COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін секвенирлеу нәтижелері туралы ҚР ДСМ хабардар етуі.

 - нуклеотидтер тізбегін GISAID дерекқорына сақтау беру қажет.

 3. ҚДСҰО вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертхана GISAID дерекқоры арқылы SARS CoV-2 вирусының мутациясына мониторинг жүргізуі және ҚР ДСМ-ге есеп беруі қажет.

 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.21.01. № 4 Қаулысымен 34-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

34-қосымша

 

І. Инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында

COVID-19 бойынша іс-шараларды өткізуге тартылған медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі

 

COVID-19 контагиоздылығының жоғары болуына және жеткіліксіз зерделенуіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажет.

1. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері әлеуетті жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

2. Ауруханаларда COVID-19 пациенттерін күтуді қамтамасыз ететін медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады.

3. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді.

4. Инфекциялық стационарларда тәжірибелі медицина қызметкерлері қатарынан әрбір бөлімшеде (бөлімше, блок, қабат) қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын (маскалық режим, қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны уақтылы ауыстыру), бөлімшеде, блокта, қабатта эпидемияға қарсы режимді сақтауға жауапты адамды тағайындау қажет, ол сондай-ақ қорғаныш құралдарын киюдің дұрыстығын мұқият тексереді және шыны арқылы шығарда оларды алудың дұрыстығын бақылайды, персоналдың лас аймаққа кірер алдында белгілермен түсіндіріледі.

5. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау жүргізу және дене температурасын күніне 2 рет өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

6. Науқастарға немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде (көрсетілетін медициналық көмек түріне байланысты ЖҚҚ пайдаланбау немесе қорғаныш деңгейінің сәйкес келмеуі) медицина персоналының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының бұзу фактілері анықталған жағдайда, мынадай: қызметкерлердің (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда);ауру симптомдарының бар-жоғын күнделікті медициналық бақылай отырып, жұмыстан шеттету және үй карантиніне оқшаулау шараларын қолдану қажет. Аурудың белгілері анықталған кезде емдеуге жіберіледі.

Ауру белгілері болмаған кезде үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде МСАК маманы COVID-19 науқасына Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.

Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.

7. Жеке қорғаудың барлық шараларын сақтаған жағдайда науқасқа немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмыс кестесіне сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

8. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және инфекциялық стационарға орналастырылады.

9. Инфекциялық емес бейіндегі стационарларда COVID-19 тіркелген кезде медицина қызметкерлерін оқшаулау және бақылау принципі осы қосымшаның 6,7 және 8-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

10. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары медицина қызметкерлері осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.

11. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.

12. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттермен жұмыс істеу кезінде «таза» және «лас» аймақтардың персоналы арасында байланыссыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.

13. Лас аймақта персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-да тұрақты жұмыс істейді.

14. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулауда ұсталады. Бұл іс-шара әр түрлі ауысымдарда медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алуға, қызметкерлердің ауруханаішілік инфекцияның таралуының алдын алуға, сондай-ақ оның халық арасында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

15. Қажет болған жағдайда, арнайы мамандармен пациенттерге консультация беру және қарау барынша қашықтықтан жүргізілуі қажет.

16. Қабылдау бөлімінде келіп түсетін науқастардан зертханалық зерттеу үшін материал алынады.

17. Пациентті қабылдағаннан кейін үстіңгі беткейлерді – үстел, қалқа, кушетка, орындықтар, есік тұтқалары, жиһаз заттары және пациентпен тікелей байланыста болған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу жүзеге асырылады.

18. Науқастарға арналған бөлімшеде науқастарды қабылдау мерзімдері, клиникалық нысандары және аурудың ауырлық дәрежесі бойынша бөлек орналастыру үшін палаталар көзделуі тиіс.

19. Аурухана төсектері бір-бірінен кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады.

20. Инфекциялық аурулар стационарында палаталық бөлімшенің негізгі құрылымдық бірлігі палата емес, бокс, жартылай бокс немесе боксталған палата болуы мүмкін. Бокстарда науқастарды толық оқшаулау қарастырылған, олар 1-2 төсекке жоспарланады.

21. Науқас шығарғанға дейін бокста болады және одан тамбурмен сыртқы шығу жолы арқылы шығады (бар болса). Персонал арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюз арқылы инфекциялық емес дәлізден бокстарға кіреді.

22. Жартылай бокстарда бокстарға қарағанда, сыртқы шығу жолы болмайды. Жартылай боксталған бөлімшенің режимі науқастардың санитариялық өткізгіштер арқылы бөлімшенің жалпы дәлізінен жартылай бокстарға түсетіндігімен ерекшеленеді.

23. Күнделікті мұқият ағымдық дезинфекция жүргізіледі, науқастарды шығарғаннан кейін – қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

24. Науқастарға арналған тамақ «таза» блоктың кіретін асүй ыдысына жеткізіледі және онда асүй ыдысынан буфет госпитальінің ыдысына салынады. Буфет тамағына бөлімше ыдысына салынады және үлестіру бөлімшесіне жіберіледі, онда порциялар бойынша бөлінеді және палаталар бойынша таратылады. Бөлімшеге тамақ келіп түскен ыдыс зарарсыздандырылады, содан кейін ыдысы бар сыйымдылық буфеттік ыдысқа беріледі, онда оны жуады және келесі таратқанға дейін сақтайды. Тарату орны тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталады. Жеке ыдыс әрбір тамақ ішкеннен кейін зарарсыздандырылады.

25. Қызметкерлерге жұмыс істеген уақыттан кейін лас аймаққа қайта кіруге тыйым салынады.

26. Лас аймаққа медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, қан препараттарын, құрал-саймандарды, іш киімдерді, пациенттерге арналған тамақ құжаттарын және т. б. жеткізуге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет.

27. Дәрі-дәрмектерді, емделушілерге тамақтануды және басқа да заттарды «лас» аймаққа беру ең аз инфекциялық қауіп-қатермен жүзеге асырылады. Берілетін заттарды «таза» аймақтың қызметкері шлюз үстелінде қалдырады және есікті таза жағынан жабады. Шлюзді таза аймақтан жапқаннан кейін «лас» аймақтың қызметкері шлюз есігін лас жағынан ашады, заттарды алады және есікті жабады.

28. «Лас» аймақтан шығарылатындардың барлығы вирустық инфекция режимі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.

29. Зарарсыздандырылған медициналық қалдықтар медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады.

30. Жалпы кәрізге ағызар алдында сарқынды суларды алдын ала зарарсыздандыру үшін кәріздік септик болуы қажет.

31. COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдауды мынадай қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асыру қажет:

1) СОVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке шақыруды орындайтын жедел медициналық жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері шығар алдында тікелей жеке қорғаныш құралдарын киеді. Жеке қорғаныш құралдары әр науқастан кейін ауыстырылады;

2) жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі;

3) салон COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттің биологиялық материалымен ластанған жағдайда, ластану орындары дереу зарарсыздандырылады;

4) жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері пациентті медициналық ұйымға бергеннен кейін белгіленген орындарда аяқ киімді, қолды жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялауға міндетті;

5) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентті медициналық ұйымға медициналық эвакуациялау аяқталғаннан кейін жедел медициналық жәрдем автомобилі және медициналық эвакуация кезінде пайдаланылған заттар арнайы жабдықталған алаңда арнайы медициналық ұйымның аумағында дезинфекторлардың күшімен зарарсыздандырылады;

6) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонына дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйым аумағында дезинфекторлардың күшімен дезинфекцияны жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі және медицина қызметкерлері жүргізеді;

7) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонында дезинфекциялау салонының барлық беткейлеріне, оның ішінде медициналық бұйымдардың беткейлеріне жүргізіледі;

8) беткейлерді өңдеу дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялық ерітіндіні бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі;

9) экспозициядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні таза сумен жуады, кейіннен дезинфектант иісі жойылғанға дейін желдетіле отырып, құрғақ шүберекпен сүртеді;

10) медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдары, жинау шүберектері пакеттерге жиналады және медициналық ұйымның аумағындағы В сыныбының қалдықтарына арналған арнайы контейнерлерге салады;

11) жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған көшпелі бригадасының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері шақыруды орындағаннан кейін дененің ашық жерлерін тері антисептигімен сүртуді қамтитын санитариялық өңдеуден өтуге міндетті;

12) медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады.

 

ІІ. Барлық медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік

 

32. Денсаулық сақтау ұйымдарында:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейі бар ЖҚҚ;

2) санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;

3) антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

4) барлық үй-жайларды үнемі желдету, адамдар болғанда ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;

5) санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет.

33. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

 

 34. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күніне 2 рет тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

35. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

36. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде қозғалысын шектеу қажет.

37. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда аумақта және ғимаратта сүзгіге тиісті көрсеткіштермен кіреберісте сұрыптауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. СОVID-19-ға ұқсас белгілері бар пациент анықталған кезде оны арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.

38. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда) медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе ревакцинация алғаны немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты бар болған кезде жіберіледі.